Қазақстан Республикасындағы
ғылыми бағдарлама
Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИДЕЯСЫ
Бағдарлама қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, жер қатынастарын реттеу мәселелерін тарихи даму призмасы арқылы зерттеуге бағытталған (жер саясаты мен заңнамасындағы тарихи өзгерістердің қазіргі жағдайға ықпалы), құқықтық механизмдер мен өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін талдау арқылы жер қатынастарының тұрақтылығын, әлеуметтік әділеттілікті және ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатында ғылыми негізделген ұсыныстар мен практикалық ұсынымдарды әзірлеуді көздейді.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Өңірдегі жерге меншік нысандары мен шаруашылық жүргізу формаларының қалыптасу және даму тарихи кезеңдерін анықтау, меншік және жерді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталған ұсыныстар әзірлеу
Жер қатынастарының аймақтағы қазіргі даму жағдайына кешенді сипаттама дайындау, ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану тиімділігін, жер айналымының жағдайын, олардың сапалық сипаттамасын анықтау
Жер қатынастарын реттеудің экономикалық тетіктерін, оның ішінде жердің кадастрлық бағасы, жер салығы, жалдау ақысын жетілдіру бойынша ұсыныстарын дайындау
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің айналымын, соның ішінде жалға беру қатынастарын жетілдіру тетіктері бойынша ұсыныстар әзірлеу
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
- Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында пайдаланылатын кешенді зерттеулер нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу, жер қатынастары тарихы бойынша ақпараттарды жинақтау, оқу құралдарын шығару;
- Солтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, пайдалану және танымал ету бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның археологиялық мұрасын Қазақстан мен Орталық Еуразияның туристік инфрақұрылымына енгізу механизмдерін әзірлеу;
- Солтүстік Қазақстандағы жер қатынастары мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру және өткізу, конференция материалдар жинағын шығару;
- Ғылыми бағдарламаға арналған арнайы веб-сайтты құру;
- Web of Science деректер базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы кемінде 4 (төрт) мақаланы және (немесе) шолуды қамтиды. Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетімен ұсынған журналдарда кемінде 6 (алты) мақала жарияланады;
- Солтүстік Қазақстан материалдары бойынша жер қатынастары мәселелері бойынша 2 (екі) монография шығарылатын болады (қазақ, орыс тілдерінде), ғылыми кеңес және (немесе) өтініш беруші ұйымның ғылыми-техникалық кеңесімен ұсынған; Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жер қатынастары мәселелері бойынша өтініш беруші ұйымының ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған 2 (екі) оқу құралдары жарияланады;
- қазақстандық және шетелдік патенттік бюроларда өтінім беру және/немесе патенттер алу: Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 1 (бір) авторлық куәлік;
- ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу: Солтүстік Қазақстандағы жер қатынастары мәселелері бойынша XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы материалдарға негізделген 2 (екі) құжаттар жинағы дайындалып, жарық көреді. Бұл жинақтарда жер қатынастарының даму тарихы, мәселелері және оларды шешу жолдары көрсетіледі. Жинақтар өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі тарапынан ұсынылады;
- бағдарлама нәтижелерін пилоттық енгізу және (немесе) бағдарламаны іске асыру кезінде алынған білім мен нәтижелерді әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы және қалың жұртшылық арасында тарату жөніндегі іс-шаралар; іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстанның жер қатынастары мәселелері бойынша YouTube арнасында бейне дәрістер курсы дайындалатын болады; бұдан басқа, бағдарламаның нәтижелері конференция ұйымдастыру арқылы таратылатын болады жобаның негізгі нәтижелері туралы баяндамалар, сондай-ақ қатысушылардың үлкен жарияланымдық белсенділігі әлеуетті пайдаланушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны іске асыру нәтижелері мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілердің жаңа жобаларын әзірлеу, сондай-ақ жер қатынастарын, өңірлік саясатты реттеу мәселесі бойынша қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіз ретінде пайдалану үшін жіберілетін болады. Бағдарламаны іске асыру нәтижелері «Құқық», «Тарих», «Экономика» даярлау бағыттарының білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесіне енгізілетін болады;
-
конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер
- Солтүстік Қазақстан аумағындағы жер қатынастары тарихын зерттеуледі мен тарихнамасының мәселелері әзірленеді.
- Жер қатынастарының өткен кезеңдері мен қазіргі заманғы тарихи мәселелері зерттеледі.
- Зерттеліп отырған аймақтағы жер қатынастарының экономикалық мәні мен мазмұны талданады, олардың тарихи ретроспективадағы даму ерекшеліктері анықталады.
- Өңірдегі жерге меншік нысандары мен шаруашылық жүргізу формаларының қалыптасу және даму тарихи кезеңдері анықталып, меншік және жерді пайдалану құқықтарын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан ұйымдастырушылық жағдайларды жасауға бағытталған ұсыныстар әзірленеді.
- Жер қатынастарының аймақтағы қазіргі даму жағдайына кешенді сипаттама дайындалып, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану тиімділігі, жер айналымының жағдайы, олардың сапалық сипаттамасы анықталады.
- Жер қатынастарын реттеудің экономикалық механизмін, атап айтқанда, жердің кадастрлық бағалауын, жер салығын және жалға алу төлемін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалады.
- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер айналымы, соның ішінде жалға беру қатынастары жетілдіру тетіктері бойынша ұсыныстар әзірленеді.
- Мұрағаттық материалдарды талдау негізінде қазақ көшпенділерінің әкімшілік-аумақтық, әлеуметтік-құқықтық, сот және экономикалық құрылымдардың жаңа сапалық жүйесін құруды көздеген модернизация процесіне қатысуы зерттеледі;
- Аграрлық және ұлттық саясаттың нәтижелері, осы процеске елеулі әсер еткен субъективті және объективті факторлары анықталады.
- Өңірдегі шаруалар мен казактардың қоныстану мәселесін және оның дәстүрлі қазақ қоғамына тигізетін әсері қарастырылады.
- Жерді пайдалану саласындағы шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу тетіктері, жергілікті тұрғындардың, әйелдердің, аз қамтылған қала тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтары мен ауылдың кедей топтары үшін кепілдік берілген жер пайдалануды қамтамасыз ететін жер пайдалану нысандарын енгізу тетіктері зерделенетін болады.
- Шектеулі жер ресурстарын неғұрлым ұтымды және экологиялық тұрғыдан тиімді пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану жүйесі, жерді пайдалануды бақылау шаралары, оның ішінде жерді пайдалануды жоспарлау зерделенетін болады.
- Елді мекендерді дамыту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, атап айтқанда, жерді есепке алу жүйесін жетілдіру арқылы тиімді және қолжетімді жер нарықтары зерттеледі.
- Аймақтық және республикалық мемлекеттік органдардың қарастырылып отырған қатынастарды реттеу саласындағы қызметі зерделенетін болады және жер пайдаланудың анағұрлым жетілдірілген әдістерін әзірлеуге байланысты проблемалар зерттелетін болады, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп, көлiк, қала құрылысы, жасыл желектер, табиғи қорықтар және басқа да өмiрлiк қажеттiлiктер үшiн жерге сұраныс және олардың орындалуына ықпал етуі мүмкін болатын шиеленіс мәселесіне кешенді көзқарас ұсынылады.
ЗЕРТТЕУ ТОБЫ













