Калдияров Данияр Алтаевич
Жетекші ғылыми қызметкер
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Экономика ғылымдарының докторы, Профессор, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессоры
Scopus Author ID 56127906700
ORCID ID 0000-0002-0181-2962
Ғылыми/академиялық дәрежесі: Экономика ғылымдарының докторы
Ғылыми атағы: қауымдастырылған Профессор
Қызметі: І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің мемлекеттік басқару және менеджмент кафедрасының профессоры
Білімі:
Жоғары білім, «Математика», С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, Алматы қ., 1985 ж.
Атақтары:
- 2004 жыл – доцент;
- 2018 жыл – профессор.
Жұмыс бағыты:
- Ауыл шаруашылығы
- Ауылдық аумақтар
- Өңірлік даму
- Тұрақты даму
- Инвестициялық талдау
- Жобаларды басқару
Жарияланымдары:
Ғылыми қызығушылықтары агроөнеркәсіптік кешеннің экономикасы мен басқару саласын, экономикадағы модельдеуді, білім берудегі басқаруды зерттеуге бағытталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, ғылыми және оқу-әдістемелік мақалалар мен баяндамалардың авторы, оның ішінде 15 монография, Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған 6 оқулық, университеттің Ғылыми кеңесі ұсынған 5 оқулық, 4 оқу құралы, 2 ғылыми-тәжірибелік материал, 3 электрондық оқулық, 6 авторлық куәлік, Ғылым және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған 40 мақала (оның ішінде соңғы 5 жылда – 13 мақала), Scopus деректер базасына енгізілген 15 мақала (соның ішінде соңғы 5 жылда – 5 мақала), Springer Nature баспасынан (2021 ж.) жарық көрген монографияның 1 тарауы бар. Хирш индексі (h-индекс Scopus бойынша – 7). ORCID: https://orcid.org/0000-0002-0181-2962 Scopus Author ID: 56127906700.
Web of Science және Scopus халықаралық базаларына енгізілген негізгі жарияланымдары:
- Legal, illegal, digital Usbekische Migranten in Russland und der Türkei // Osteuropa. – 2024. – Т. 74, №8–10. – Б. 147–163.
- Development of Ecosystem Stability as a Tool for Managing Agricultural Areas in the Republic of Kazakhstan: Problems and Opportunities for Their Resolution // Journal of Environmental Management and Tourism. – 2022. – Т. 13, №7. – Б. 1993–2001.
- Sustainable development of rural areas. Assessment of the investment appeal of the region // Journal of Environmental Management and Tourism. – 2021. – Т. 12, №1. – Б. 56–63.
- The Mechanism for Sustainable Development of Rural Areas in the Republic of Kazakhstan // Lecture Notes in Networks and Systems. – 2021. – Т. 205. – Б. 797–804.
- Developing Vehicles for Collective Investment in Real Estate in the Russian Federation // Journal of Real Estate Literature. – 2020. – Т. 26, №2. – Б. 313–329.
- Investment activities of international financial organizations and their contribution to the sustainable development of the Republic of Kazakhstan // Journal of Social Sciences Research. – 2018. – Special Issue 3. – Б. 126–129.
Грантқа қатысу:
- 2015-2017 жж. - жобаның ғылыми жетекшісі (І. Жансүгіров атындағы ЖМУ): «Агроөнеркәсіптік кешен экономикасын өңірлік басқарудың оңтайлы тетігі тұжырымдамасын әзірлеу».
- 2018-2020 жж. - жобаның ғылыми жетекшісі (І. Жансүгіров атындағы ЖМУ): «Инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы ауылдық аумақтарды орнықты дамыту тетігін қалыптастыру (Алматы облысының мысалында)».
- 2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AP08857092 гранттық қаржыландыру жобасының бас ғылыми қызметкері: «Инклюзивті жоғары білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды университетке дейінгі оқыту ұйымдастыру».
- 2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AP08856314 гранттық қаржыландыру жобасының бас ғылыми қызметкері: «Оқытушылардың студенттерді қашықтықтан оқытуға дайындығын қалыптастыру».
- 2022-2024 жж.– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің AP14872336 гранттық қаржыландыру жобасының бас ғылыми қызметкері: «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың оқу процесін ұйымдастыру және қолдау».
- 2020-2024 жж.– Еуропалық комиссияның H2020 MSCA-RISE бағдарламасы (Horizon 2020, жоба нөмірі 870647) аясында қаржыландырылған «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениеттер мен бизнес орта» атты халықаралық білім беру және зерттеу жобасына қатысушы.
- 2024-2026 жж.– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2024–2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберіндегі BR24993047 тақырыбы бойынша «Жер қатынастарын реттеудегі қазіргі заманғы мәселелер: тарихи-құқықтық талдау» бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру аясындағы ғылыми жұмыстың жетекші зерттеушісі.
Марапаттар:
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.);
- ТМД елдері «МИР» қоғамдық бірлестігінің және Ресей марапаттау комитетінің «Ғылыми қызметтегі еңбегі үшін» медалі (2012 ж.);
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2016» атағы (2016 ж.);
- «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2019 ж.);
- Халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері (2022 ж.);
- Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойлық медалі (2022 ж.);
- Жетісу университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалі (2023 ж.);
- Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2023 ж.).