Ғылыми іссапар: БНҚ жобасы аясындағы жұмыстар жалғасуда

2025 жылдың 02-11 сәуір аралығында тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.К. Байгабатова мен тарих және ӘГП кафедрасының меңгерушісі, PhD Г.И. Ишкалова ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» тақырыбындағы (2024-2026 жж., ЖТН BR24993047) ғылыми жобаны орындау мақсатында Алматы қаласында іссапарда болды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде зерттеушілер Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғғ. басындағы жер саясатының даму тарихын, аграрлық реформаларды және жер қатынастары саласындағы заңнамалық өзгерістерді қамтитын тарихи құжаттарды зерттеді. Зерттеу барысында жер пайдалану мәселелері, аграрлық реформалар және заңнамалық өзгерістерге қатысты маңызды мәліметтер алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының сирек қорында революцияға дейінгі кезеңдегі басылымдар, құқықтық актілер мен аналитикалық еңбектер зерттелді. Бұл құнды материалдар ғылыми жарияланымдар мен аналитикалық есептер үшін негіз болмақ.
Алынған құжаттар жобаның зерттеу базасын кеңейтіп, қазіргі заманғы жер қатынастарын реттеудегі жаңа мәселелер мен бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді.

 

Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4 Фото 5 </div