«Құқық, экожүйелер және тұрақты дамуды зерттеу» орталығы ашылды

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінде «Құқық, экожүйелер және тұрақты дамуды зерттеу» орталығы ашылды.

 Салтанатты жиында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бауыржан Таубаев сөз сөйлеп, орталықтың маңызына тоқталды.

«Бұл орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ашылып отыр. Орталық – құқық, экожүйелер және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, кешенді зерттеулердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуге көмектеседі», – деді проректор.

Ғылыми іссапар: БНҚ жобасы аясындағы жұмыстар жалғасуда

2025 жылдың 02-11 сәуір аралығында тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Н.К. Байгабатова мен тарих және ӘГП кафедрасының меңгерушісі, PhD Г.И. Ишкалова ҚР ҒЖБМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» тақырыбындағы (2024-2026 жж., ЖТН BR24993047) ғылыми жобаны орындау мақсатында Алматы қаласында іссапарда болды.
Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде зерттеушілер Қазақстандағы ХІХ-ХХ ғғ. басындағы жер саясатының даму тарихын, аграрлық реформаларды және жер қатынастары саласындағы заңнамалық өзгерістерді қамтитын тарихи құжаттарды зерттеді. Зерттеу барысында жер пайдалану мәселелері, аграрлық реформалар және заңнамалық өзгерістерге қатысты маңызды мәліметтер алынды.

Ташкент мемлекеттік экономикалық университетіндегі тағылымдама

2025 жылғы 13-19 сәуір аралығында BR24993047 «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» бағдарламасы аясындағы зерттеу жобасының аға ғылыми қызметкері Олеся Витальевна Лемещенко Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде (Өзбекстан Республикасы) тағылымдамадан өтті. Тағылымдамаға экономика ғылымдарының докторы, профессор Нарбой Ганиевич Каримов ғылыми жетекшілік етті.

Тағылымдама бағдарламасы аграрлық жерлерді тиімді пайдаланудағы халықаралық тәжірибені, жер қатынастарын құқықтық реттеу мәселелерін және жер ресурстарын пайдалануды бағалау құралдарын зерделеуге арналды. Іссапар барысында аналитикалық материалдар жиналып, кәсіби байланыстар орнатылды, сондай-ақ Өзбекстан тәжірибесі зерттеліп, бағдарлама аясында жер ресурстары нарықтарын салыстырмалы талдау жүргізу барысында пайдаланылуы жоспарлануда.

Жер құқығы саласындағы ғылыми-академиялық өзара іс-қимылды нығайту

2025 жылғы 25-31 мамыр аралығында BR24993047 «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» ғылыми бағдарламаның аға ғылыми қызметкері, философия докторы (PhD), І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеттің құқық және экономика факультетінің деканы Галым Байгазыевич Телеуев Қарақалпақ мемлекеттік университетіне (Бердаха атындағы) және Ташкент халықаралық университетіне іссапармен барыпты. Жер құқығы саласындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды дамыту бойынша өзара келісімдерге қол жеткізілді.

Бағдарлама туралы

Барлық құқықтар қорғалған © 2025. Сайтта ұсынылған барлық материалдар бағдарлама бойынша ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүргізілген BR24993047 «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» жұмыстардың нәтижесі болып табылады.